Бұрын судья болғандар мектепте сабақ беруі мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Құжат жобасы қоғам талқысына шығарылды/фото: shutterstock

Бұрын құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істегендер мектепте сабақ беруі мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі бұйрық жобасын әзірлеп, талқылауға шығарды, деп хабарлайды KursivMedia.

Келешекте олар «Құқық негіздері» пәнінен сабақ бере алады. Алайда ол үшін белгіленген талаптарға сай болу керек.

«Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істеген, сондай-ақ басқа да мамандықтар бойынша білімі бар және педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдарға білім беру ұйымдарына «Құқық негіздері» пәнінің мұғалімі және педагог-кәсіби бағдар беруші лауазымына орналасуға мүмкіндік береді», – делінген сипаттамада.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасы 10 желтоқсанға дейін талқыланады.

Сондай-ақ оқыңыз