«Дикий Арманға» шыққан үкім өзгеріссіз қалды
Жарияланды

«Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиев ісі апелляциялық сотта қаралды. Оған шыққан үкім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды KursivMedia.
Жұмагелдиевтің адвокаты Олег Черновтың сөзінше, енді қорғау тарабы кассациялық сотқа жүгінгелі жатыр.
Арман Жұмагелдиевке 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде «бір топ адамды ұрып-соғып, күштеп ұстаған» деген айып тағылды. Іске Жұмагелдиевтен бөлек 43 адамның қатысы болған. Ішінде Махатов қылмыстық тобының мүшесі саналатын кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің экс-бастығы Руслан Ысқақов бар.
Алматы соты Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айырды.