Ақтауда көлік прокурорын соттап жатыр

Ақтау қалалық сотында өңірдің көлік прокуратурасының бір қызметкеріне қатысты сот басталды. Бұл туралы жергілікті Lada.kz хабарлады.
Басылым мәліметінше, 26 қарашада қалалық сотта көлік прокурорының үстінен қозғалған қылмыстық іс қарала бастады. Сотталушыға алаяқтық жасады деген айып тағылған.
Мәліметтерге қарағанда, күдікті 2025 жылғы 9 арашада ұсталған. Оны қолға түсіру жөніндегі арнайы операцияны Маңғыстау арнайы қызметі мен Бас прокуратура бірлесіп жүргізген.
Басылым оқырмандары прокурорды ұстау кезінде 2,5 млн теңге алынғанын хабарлаған. Мәліметті прокуратурадағылар жоққа шығармады, бірақ растаған да жоқ.
Lada.kz күдіктінің 2024 жылдан бері қызметтегі міндеттерін атқарғанын, бала күтімі бойынша демалыста болғанын жазды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда Маңғыстауда полицияның бес қызметкері билігін асыра пайдаланғаны үшін сотталған.