Күн күрт суытады: синоптиктер алдағы күндерге болжам жасады

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Синоптиктер болжамына сәйкес, солтүстікте түнде -13°С суық болады.
Ел аумағында жауын-шашын жаумайды. Тек солтүстік және шығыс өңірде кей жерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.
Алайда 29 қараша түнде солтүстік өңірлерде термометр бағаны минус -8…-13°С дейін төмендеуі мүмкін. Ал оңтүстікте -2…-7°С дейін төмендейді.
Ірі қалалардағы ауа райы
27 қарашада Астанада күндіз күн бұлтты, ауа температурасы +1 градусты көрсетеді. Түнде -3°С суық болады.
28 қарашада таңертең және түнде -4…-5°С көрсетеді. 29 қараша таңертең -6 градус болса, түнде қар аралас жаңбыр жауады.
Алматыда үш күн қатарынан күн ашық болады. Күндіз +7, түнде +4 градусты көрсетеді.
Шымкентте де күн ашық, тек 28 қарашада күн бұлтты болып, түнде ауа температурасы 0 градусқа дейін түседі.