Сарапшылар «Самұрық-Қазынаның» ЖИ мүшесінен қауіптенеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Инвесторов «Самрук-Казына» о рисках из-за SKAI предупредили юристы
Фото: коллаж Kursiv Media

QAMS инвесторлар қауымдастығы Бас прокуратураға ресми сұрау жолдады. Сарапшылардың сөзінше, Қазақстанда жасанды интеллектің құқықтық мәртебесіне байланысты үлкен заңдық проблема туындауы мүмкін. Бұл инвесторлардың мүдделеріне және қордың мәмілелеріне әсер етеді деп есептейді.

Акционерлер қордың директорлар кеңесіне жасанды интеллекті енгізу заңды ма, жоқ па, ол бизнес пен инвесторларға құқықтық қиындық тудырмай ма деген сұраққа жауап іздейді.

Қазақстан заңдарына сәйкес, роботтың жеке тұлға ретінде құқығы мен міндеті жоқ. Сондықтан ол директор болып тағайындала алмайды және дауыс бере алмайды. QAMS заңгерлері үкіметтің қарапайым қаулысы ЖИ-ға мұндай өкілеттік бере ала ма деп сұрап отыр. Егер бере алмаса, онда робот қатысқан барлық шешімді сотта жарамсыз ету оңай болады.

Бұл «Самұрық-Қазына» компанияларының акцияларын сатып алып жүрген инвесторлар үшін де тәуекел тудырады. Егер ЖИ дауыс берген мәмілелер заңсыз деп танылса, ол белгісіздікті күшейтіп, бағалы қағаз иелерін шошытуы мүмкін.

«Самұрық-Қазына» дерегі бойынша, SKAI жүйесіне 2008 жылдан бері директорлар кеңесінде қаралған барлық материал жүктелген.

Жасанды интеллект қаржылық, операциялық және нарықтық деректерді талдап, заңдылықтарды анықтайды және ұсыныстар береді. SKAI толықтай Қазақстанда жұмыс істейді. Деректер «Қазақтелекомның» қорғалған GPU кластерінде сақталады.

Еске салайық, 2 қазанда Digital Forum шарасында «Самұрық-Қазына» қоры дауысы бар, жасанды интеллект негізінде жасалған цифрлы мүше SKAI-ды таныстырған. Оның қатысуымен тіпті Бектенов та жиналыс өткізді.

Сондай-ақ оқыңыз