Өзбекстандық Жавохир Синдаров шахматтан Әлем кубогын жеңіп алды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Өзбекстандық Жавохир Синдаров шахматтан Әлем кубогын жеңіп алған ең жас чемпион атанды / Фото: Fide

19 жастағы өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаров Үндістандағы Әлем кубогының финалында жеңіске жетіп, осы турнирдің ең жас жеңімпазы атанды.

Алғашқы классикалық партия тең аяқталды. Екінші партияда 19 жастағы шахматшы Қытай өкілі Вэй Иді қара тастармен жеңді, екі финалист те 2026 жылғы үміткерлер турниріне жолдама алды.

19 жастағы Синдаров осы турнирдің ең жас жеңімпазы болды (алдыңғы рекорд 23 жастағы Левон Аронян). Ол, сондай-ақ, 120 мың доллар жүлде алады.
Бұған дейін үшінші орын үшін ресейлік Андрей Есипенко өзбекстандық Нодирбек Якуббоевті жеңіп, үміткерлер турниріне жолдама алған болатын.

Синдаров 2022 жылы Өзбекстан құрамасының құрамында Дүниежүзілік шахмат олимпиадасын жеңіп алған.

2025 жылғы Әлем кубогы-ФИДЕ қамқорлығымен екі жылда бір рет өтетін ең үлкен шахмат турнирі. 2 миллион долларлық жүлде қоры және 2026 жылғы үміткерлер турниріне үш жолдама бар.

Сондай-ақ оқыңыз