Медеуге тағы бір автобус жүретін болады
Жарияланды

Алматыда Медеу спорт кешеніне жүретін тағы бір қоғамдық көлік пайда болады. №21 автобус Балуан шолақ спорт кешенінің жанынан жүре бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Көлік құрам 27 қарашадан бастап сегіз минуттық аралықпен жүре бастайды. «Алматыэлектротранс» коммуналдық автопаркіне қызмет көрсететін №21B маршрутқа 15 автобус шығады. Олар 6.00-ден 23.00-ге дейін жүреді. Маршруттың жалпы ұзындығы 33,6 км құрайды.

Автобуста 28 отыруға және 85 тұруға арналған орын болады. Көлік мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған бейнебақылау жүйесімен, кондиционерлермен және USB қосқыштарымен жабдықталған.