Ауыл әкімі 500 мың теңге пара алып, үш жылға сотталып кетті

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Абай облысы Үржар ауданы прокуратурасы ауылдың бұрынғы әкімі қоғамдық жұмысқа бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады.

Прокуратура сотқа дейін тергеп-тексеріп, шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне жолданды.

«Соттың үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. «Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді», – деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті дерегінше, қазан айында елімізде пара алу дерегі күрт өскен. Бір ай ішінде 26 азамат пара алып, заңсыз ақшаны қалтаға басқан.

Сондай-ақ оқыңыз