Жыл басынан бері ақылы жолдан 70 млрд теңге қаржы түскен

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Қазавтожол жол ақылы жол
Жыл басынан бері ақылы жолдан 70 млрд теңге қаржы түскен / Фото: «Қазавтожол»

2025 жылдың басынан бері ел бойынша ақылы жолдардан 70 млрд теңге қаржы түскен. «Қазавтожолдың» хабарлауынша, елдегі ақылы автомобиль жолдары республикалық бюджеттен ақша алмай қызмет етеді.

Инфрақұрылымды ұстауға, жөндеуге және жаңартуға арналған барлық шығындар тек жүргізушілердің төлемдері есебінен жабылады. Заң бойынша оператор бұл қаражатты басқа мақсаттарға жұмсай алмайды. Ақша жеке шотқа жинақталып, жол жұмыстары мен ақы алу жүйесіне техникалық қызмет көрсетуге жұмсалады.

2025 жылдың он айында түскен қаржы 72 млрд теңгеге болған. Қаражаттың өсу себебі биыл ақылы жолдар ұзындығы 4,8 шақырымға артқан. Түскен қаржыға 61,4 мың шаршы метр жол жөнделіп, 4,3 мыңнан астам жол белгілері орнатылды және жаңа техника, оның ішінде қысқа арналған тракторлар алған.

Компания ақылы жол операторының бюджеті Бас прокуратураның, ҰҚК, жоғары аудиторлық палатаның, ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және басқалардың тұрақты бақылауынан өтетінін атап өтті.

2024 жылы ақылы жолдардағы түсім 53 млрд теңгені құрады. Бұл қаражатқа ауданы 43 мың шаршы метрден асатын жолды жөндеу жүргізілді, 17,6 мың км жол белгілер сызылып, 29 мыңға жуық сигналдық бағаналар орнатылды және 2,3 млн текше метрден астам қар шығарылды. Сондай-ақ, 680 бірлік техника сатып алынды.

Сондай-ақ оқыңыз