Қазақстандық бизнесмендер шетелдіктерден «Қазмырыш» пен «Қазақмысты» сатып алмақ

Қазақстандық құрылыс компанияларының иесі — Шахмұрат Мүтәліп пен Нұрлан Артықбаев — «Қазақмыс» пен «Қазмырыштағы» шетелдік компаниялардың үлесін сатып алу үшін келіссөздер жүргізуде, дер хабарлайды Bloomberg өз дереккөздеріне сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, Integra Construction KZ компаниясының иесі Шахмұрат Мүтәліп «Қазмырыш» компаниясының 70% үлесін, ал Нұрлан Артықаев «Қазақмыстың» 100% үлесін сатып алу үшін келіссөздер жүргізәіп жатыр.
«Келіссөздердің іске асатынына кепілдік жоқ. Өйткені компаниялар құны мен төлем әдістері әлі келісілмеген», — деп атап өтті дереккөздер.
Нұрлан Артықбаев — Qazaq Stroy компаниялар тобының негізін қалаушы және көп үлесінің иесі. Қазақстанның ең бай 75 бизнесменінің тізімінде 44-ші орында тұр, оның байлығы 2025 жылдың мамырына 228 млн долларға бағаланған. Оған «Қазақтелекомның» 9,84 % тиесілі (Telecom Systems Ltd арқылы.). 2025 жылдың қараша айының ортасында кәсіпкер «Ақтөбе» футбол клубының инвесторы болды.
Шахмұрат Мүтәліп Экономика ғылымдарының магистрі, Куала-Лумпурдағы (Малайзия) Азия-Тынық мұхиты университетінде (APU) білім алған. Кәсіпкер, «Integra Construction KZ» ЖШС-нің иесі. eGov мәліметтеріне сәйкес, оның компаниясы темір жол мен метро құрылысымен, сондай-ақ басқа да инженерлік құрылымдардың құрылысымен айналысады. 1997 жылы тіркеліп, 2022 жылы Шахмұрат Мүтәліповтың тұсында қайта тіркеуден өткен.