Шымкентте жанып жатқан көпқабатты үйден 10 адам эвакуацияланды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Шымкентте жанып жатқан көпқабатты үйден 10 адам эвакуацияланды / Фото: ТЖМ

Шымкентте жанып жатқан көп қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан 10 адам эвакуацияланды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт Қонаев даңғылындағы орналасқан көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтерде басталған.

«ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады, олардың арасында түтінді үй-жайдан өз бетінше шыға алмайтын екі бала бар. Құтқарушылар адамдарды өрттен алып шығып, түтінге қарамастан баспалдақпен түсіріп алды», – делінген хабарламада.

Өрт сөндірілген, зардап шеккендер жоқ. Оқиға себептерін анықтау үшін жергілікті жерде тергеушілер жұмыс істейді.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысы Сарыағашта өрт шығып, бір отбасы уланып қалғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз