Байқоңыр ғарыш айлағының ұшу алаңы зақымданды

«Союз» кемесі ғарышқа аттанғаннан кейін Байқоңыр айлағында ұшу алаңы зақымданғаны анықталды. Бұл туралы «Роскосмос» хабарлады.
Бір күн бұрын, 27 қарашада түсте Байқоңырдан «Союс МС-28» кемесі әуеге көтерілген. Ол Халықаралық ғарыш станцияна сапарлаған үш ғарышкерді орбитаға алып шыққан. Кеше станциямен сәтті түйіскен. Экипаждың үш мүшесінің де жағдайы жақсы.
Зымыран ұшырылғаннан кейін ғарыш айлағының жағдайы тексерілген. Оның айтарлықтай зақымданғаны сол кезде анықталған.
«Зымыран ұшқаннан кейін зақымдану болып тұрады, сол себепті оны тексеру тәжірибесі баяғыдан бар. Қазір ғарыш айлағының жағдайына баға беріліп жатыр», – деп хабарлады «Роскосмос».
Бұған қоса, ресейлік компания айлақты жөндеуге қажетті заттардың бәрі бар екенін, ол тез арада реттелетінін мәлімдеді.
«Союза МС-28» экипажы үш адамнан тұрады: ресейлік ғарышкер Сергея Кудь-Сверчков, Сергей Микаев пен NASA ғаршыкері Джонатан Ким. Кемеге 125 келіден астам жүк тиелді. Ол станцияға жеткізілді.
74-экспедиция ғарыш станциясында 242 тәулік болады. Осы уақыт аралығында ғарышкерлер екі мәрте ашық ғарышқа шығуы тиіс.
Байқоңыр – әлемдегі алғашқы әрі ең ірі ғарыш айлағы. Ол 1955 жылы салынған. Қазақстан Байқоңырды Ресейге 2050 жылға дейін жалға берген.