Кувейтте 10 жыл жұмысқа бармай, жалақы алып жүрген шенеунік түрмеге қамалды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Кувейтте мемлекеттік қызметкер жұмысқа бармаса да, он жыл бойы жалақы алып келген. Сот оны айыпты деп тауып, бес жылға түрмеге қамады деп жазады жергілікті басылым.

Айыпты ұзақ уақыт бойы жұмысқа бармай жүрген. Бірақ соған қарамастан 104 мың кувейт динар немесе 174 млн теңге жалақы алған. Оның бұл әрекетін неге он жыл бойы ешкім байқамағаны түсініксіз.

Сот оны жұмысынан босатып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Алған барлық қаржысын мемлекетке қайтаруға міндетті. Әрі 312 мың динар немесе 524 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Сондай-ақ оқыңыз