«Сіз маған хабарласпайсыз» деп Әміржан Қосанов Тоқаевқа хат жазды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Бес нәрседен қашық бол»: Әміржан Қосанов «бес нәрседен қашық болуға» шақырып отыр / фото: facebook
«Бес нәрседен қашық бол»: Әміржан Қосанов «бес нәрседен қашық болуға» шақырып отыр / фото: facebook

Саясаткер Әміржан Қосанов  сайлаудағы бұрынғы қарсыласы, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды.  

Ол 2019 жылы басты қарсыласы ретінде сайлауға түсіп, «ресми түрде екінші орын иеленген азамат ретінде» Тоқаевқа бес мәселе бойынша ескерту жасап отыр.

«Оңаша кездескенде айтайын десем, не мен Сізбен кездесуге сұранбаймын (өз қырсықтығым бар және де «шақырмаған жерге барма» дейді атам қазақ), не Сіз маған хабарласпайсыз», – деп Қосанов өкпесін айтқан.

Әміржан Қосанов хатында азамат және саясаткер ретінде Тоқаевтың Жаңа, Әділетті Қазақстан форматына көшу туралы бастамаларын қолдайтынын айтқан.

Саясаткер ұлы Абайшалап, ол бес нәрседен қашық болуға шақырып отыр.

«Біріншіден, өзіңізге келіп, таң-тамаша баяндама жасап жатқан министрлер мен әкімдерге көп сене бермеңіз… Бірақ жалпы жағдай онша емес», – деп ескерту жасаған.

Екінші мәселе, рухани салаға жұмсалуы тиіс қаржының қысқартылып жатқанына қынжылыс білдірген. Өз идеологиясын қаржыландырмаған мемлекет басқа елдің идеологиясының құрбаны болады дегенді меңзейді.

Үшінші мәселенің азаматтық қоғамға қатысы бар екен.

«Билікке сын айтқанның бәрі бүлікшіл емес, террорист емес. Сын түзелмей, мін түзелмейді емес пе: азат ойлы азаматтар ойындағысын айтсын, ол үшін қудаланбасын», – дейді Қосанов.

Төртінші мәселе – Қосановтың пікірінше, билік біржақты кланданып, касталанып барады.

«Байқасам, сіздің орныңызға талас басталып кеткен сияқты. Оны өзіңіз де көріп-біліп жатқан боларсыз», – деп сақтандырды саясаткер.

Оның айтуынша, сондай жайт болмасын деп, 2019 жылы ол жұртты көшеге шақырмаған. Сол үшін әлі де таяқ жеп келе жатқанын жазған.

Бесінші мәселе –  электораттық сипат. Оның айтуынша, соңғы кезде Назарбаев тұсында салтанат құрған трайбализм, рушылдық, жершілдік секілді «біртұтас қазақ ұлтына зиян келтіретін кадрлық кеселдер» ушығып бара жатыр.  

Мұның алдында Тоқаевтың Бішкекте өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан.

Сондай-ақ оқыңыз