Түркия оқушылардың көктемгі және күзгі демалыстарын алып тастауы мүмкін

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Түркиядағы оқушылардың демалысын қысқартуы мүмкін / фото: ашық дереккөзден

Түркия оқушылардың бір апталық көктемгі және күзгі демалыстарын алып тастауы мүмкін. Елдің білім министрі Юсуф Текин осындай ескерту жасады деп жазады жергілікті басылымдар.

2019 жылға дейін түрік мектептері тек екі семестрлі жүйемен жұмыс істейтін. Яғни демалыстар тек қыста және жазда ғана болатын. Кейіннен үкімет жазғы демалысты «тым ұзақ, балалар оқығанын ұмытып үлгереді» деген себеппен қысқартты. Әрі көктемгі және күзгі демалыстарды қосты.

Бірақ министрдің сөзінше, ата-аналар тарапынан шағым көп болған. Балалар үзілістен кейін мектепке барғысы келмейді, бейімделуі қиындай түскен. Осыдан кейін үкімет демалыстарға талдау жасап, алып тастауды қарастыра бастады. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ.

Еске салайық, Қазақстанда да оқу жылын ұзартуға тырысқан еді. Министрлік мұны 5 күндік оқу аптасына көшумен түсіндірді. Бірақ кейінірек ата-аналардың шағымынан кейін алып тастады.

Сондай-ақ оқыңыз