Соғым-FEST: бес өңір Астанадағы жәрмеңкеде арзан ет сатады

Бес бірдей өңір Астана қаласында «Соғым-FEST» жәрмеңкесінде арзан ет сатады. Бұл туралы Kursiv.Media қала әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
«Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі Астанада 29-30 қараша күндері ұйымдастырылады. Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының шаруалары ет өнімдерін сатады.
Жәрмеңке «Keryen Joly» сауда орталығының автотұрағы аумағында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.
Сонымен бірге демалыс күндері сауда орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де ұйымдастырылады. Онда жергілікті шаруалар мен елдің түрлі өңірлерінен келген кәсіпкерлер өнімдерін ұсыныды.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жемісті, ет, ұн және сүт өнімдерін, табиғи шырын, тосап, джем және т.б. сатып ала алады.
Жәрмеңке әр демалыс сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Қонақтардың ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағытындағы автобустар жүреді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Бұған дейін Kursiv.Media Алматы қаласында тауық еті бірден 550 теңгеге көтерілгені туралы жазған.