Шетелдіктер арасында АИТВ-мен ауыратындардың 30%-ы – ресейліктер

Соңғы үш жылда Қазақстанға келген шетел азаматтары арасында анықталған АИТВ жағдайларының 30%-ы Ресейден келгендерге тиесілі.
АИТВ дегеніміз – адам иммунтапшылық вирусы инфекциясы.
Nege.kz ақпаратына қарағанда, Денсаулық сақтау министрлігі бұл көрсеткіш Қазақстандағы жалпы эпидемиологиялық ахуалға айтарлықтай әсер етпейтінін айтты.
2022–2025 жылдар аралығында Қазақстанда АИТВ жұқтыру жыл сайын азайып келеді.
2025 жылдың алғашқы он айында 3089 жағдай тіркелген. Бұл – 100 мың тұрғынға шаққанда 14,4 жағдай деген сөз. Алдыңғы жылдарда бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары болған:
2022 жылы – 3877 жағдай (19,6),
2023 жылы – 3862 жағдай (19,5),
2024 жылы – 3811 жағдай (19,0).
Ал Қырғызстанда 15 183 адам иммунтапшылық вирусы инфекциясын жұқтырғаны туралы ақпарат тарады.