Үлкен Алматы көліне барушыларға ескерту жасалды

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Үлкен Алматы көліне (БАО) баратын жолда туристер жиі жіберетін қауіпті қателік туралы хабарлады. Көптеген демалушылар жолды қысқартпақ болып, құбырдың үстімен жүруге тырысады. Құтқарушылардың айтуынша, мұндай әрекет, әсіресе, қыс мезгілінде – адам өміріне тікелей қауіп төндіреді.
Мамандардың мәліметінше, құбыр адамдардың жүруіне арналмаған:
оның беті тайғанақ, еңіс, әрі кей жерлері зақымданған. Ескертуге қарамаста, тәулігіне 2–3 рет туристердің сол құбырға шығып кететін жағдайлары тіркеліп отырады.
Құбырдың дәл жанында қауіпсіз өтетін баспалдақ пен арнайы туристік соқпақ бар. Қалалық құтқару қызметі бұл учаскені күн сайын бақылауда ұстайды.
Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.