Сhanel сән үйі Қытайда қоғамдық кітапхана ашты

Chanel сән үйі Шанхайда Espace Gabrielle Chanel атты заманауи өнерге арналған алғашқы қоғамдық кітапханасын ашты. 18 мың шаршы фут аумақты алып жатқан бұл кеңістік Power Station of Art мұражайының үшінші қабатында орналасқан деп жазады Hypebeast.
Дизайн авторы – жапон архитекторы Кадзунари Сакамото. Ішкі кеңістіктің басты элементі – «Кітаптар алқабы» деп аталатын лабиринтке ұқсас құрылым. Кітапханадан бөлек, кешенде көрме залы, театр, дизайн орталығы және Хуанпу өзеніне қараған терраса бар.
Кітапхана шамамен 50 мыңнан астам томды қамтиды. Оның ішінде кітаптар, каталогтар, эсселер, аудио және аудиовизуалды материалдар бар. Тақырыптары – өнер, дизайн, сәулет, мәдениет және әлеуметтік ғылымдар.
Espace Gabrielle Chanel қытайдың заманауи өнер архивін де сақтайтын болады. Жоспар бойынша мұнда 300 орындық қоғамдық театр жұмыс істейді. Сондай-ақ кітапхананың ашылуына және Chanel мен өнер арасындағы байланыстың тарихына арналған сәулеттік және дизайнерлік инсталляциялар қойылған көрме залы бар.