Оксфорд сөздігі жыл сөзін таңдады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Оксфорд жыл сөздігі
Фото: Oxford сайтынан

Оксфорд университетінің баспа бөлімі 2025 жылдың сөзі ретінде «рейджбейт» (rage bait) терминін таңдады.

Мамандар «рейджбейт» деп назар аударту үшін әдейі арандатушылық сипатта жасалатын онлайн-контентті атайды. Термин ағылшынның rage (қақ, ашу) және bait (жем, тұзақ) сөздерінен құралған.

Оксфорд тілтанушыларының дерегінше, соңғы 12 айда бұл сөздің қолданылуы үш есеге өскен.

Термин алғаш рет 2002 жылы Usenet платформасындағы жазбада пайда болған. Кейінірек сөз интернет-сленгке ауысып, «вирусқа» айналатын контентке қатысты қолданыла бастады. Сөздік авторларының айтуынша, уақыт өте келе «рейджбейт» журналистер мен медиа-контент жасаушылардың да күнделікті қолданысына енген.

Терминнің кең таралуы «рейджфарминг» (rage-farming) деген ұғымның пайда болуына алып келді. Бұл сөз пайдаланушылардың эмоциялық реакциясын тудыру мақсатында жасалған арандатушылық материалдар арқылы манипуляция жасау әрекетін сипаттайды.

Бұған дейін 2024 жылы Оксфорд мамандары жыл сөзі ретінде brain rot терминін таңдаған еді. Ол интернеттегі сапасыз контенттің ми қабілетіне теріс әсер ету деген мағынаны білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыз