Грузияның билік партиясы BBC-ді жала жапты деп халықаралық сотқа бермек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Грузия билігі британдық БАҚ-ты біржақты ақпарат таратты деп айыптады / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров
Грузия билігі британдық БАҚ-ты біржақты ақпарат таратты деп айыптады / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

Грузияның билік партиясы – «Грузин арманы» BBC-ді жала жапты деп халықаралық сотқа бергелі отыр.

Партияның мәлімдеуінше, «жалған ақпарат тарататын бұқаралық ақпарат құралдары» «өздері таратқан лас, жалған айыптаулар» үшін жауап беруін көздеп, барлық құқықтық тетіктерді қолданбақ.

«Бүгін таңертең BBC бірқатар жалған деректермен қатар, Грузия билігін заңсыз наразылық акциялары кезінде «демонстранттарға қарсы химиялық зат қолданды» деп айыптайтын мақала жариялады. Анық болғандай, «мемлекет» мүддесіне қызмет ететін насихат құралына айналған мұндай БАҚ-тың ауыр айыпты дәлелдеуге ешқандай айғағы жоқ», — делінген Грузияның билеуші партиясының мәлімдемесінде.

Партияның пікірінше, BBC қойған барлық сұрақтарға толыққанды жауап берілген.

«Біз тек екі шарт қойдық. Біздің позициямыз толық жеткізілсін және біз жолдаған әрбір сөзімізге дәлел келтіру мүмкіндігін бердік. Сондай-ақ материалда келтірілетін барлық тұжырымдар жоғары журналистік стандарттарға сай, тек дәлелдерге негізделсін деп талап еттік. Оның орнына біз билікке қатысты мүлдем шындыққа жанаспайтын, мүдделі тұлғалардың әңгімелеріне негізделген жалған айыптаулар легін алдық», – делінген мәлімдемеде.

BBC мақаласында өткен жылы Тбилисидегі үкіметке қарсы наразылықты басу кезінде Грузия билігі Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған «камит» атты әскери улағыш затты қолданғаны айтылған.

Айта кететін жайт, қазақстандық FlyArystan қыста Грузияның Кутаиси қаласына ұшатын ұшақтардың билетін арзандатты. Небәрі 26 мың теңге.

Сондай-ақ оқыңыз