Orda бас редакторы Гүлнәр Бажкенова үй қамаққа алынды
Жарияланды

Тергеу соты ORDA басылымының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы үй қамаққа алуға санкция берді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде редакция адвокаты Мұрат Адам хабарлады.
«Тергеу соты 2 ай үй қамауға алу туралы шешім шығарды», — деп жазды Мұрат Адам өзінің Facebook парақшасында.
Айта кетейік, 1 желтоқсан күні таңертең Алматыда ORDA редакциясында және Бажкенованың пәтерінде тінту басталды. Бұл туралы ақпаратты Kursiv.Media-ға Алматы полиция департаментінде расталған.
Ведомство жалған мәліметтерді таратқаны үшін бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.