Елдос Сметов келіншегінің туған күніне көлік сыйлады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Елдос Сметов жұбайы
Елдос Сметов жұбайына көлік сыйлады / фото: инстаграм парақшадан

Белгілі спортшы, дзюдодан әлем чемпионы Елдос Сметов келіншегіне қымбат сый жасады. Ол жұбайына Hyundai Palisade жол талғамайтын көлігін тарту еткенін өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Желіге жүктелген видеода Сметовтің жұбайына жаңа көліктің кілтін салтанатты түрде табыстаған сәті көрсетілген. Жанында спортшының ата-анасы, туыстары бар.

Елдостың жұбайының есімі – Балауса. Екеуі үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр.

Осыған дейін Сметов Париж Олимпиадасындағы жеңісі үшін сыйлаған көлікті сатылымға шығарған еді.

Қазақстандық дзюдошы 2024 жылы 27 шілде күні Олимпиада чемпионы атанды. Енді ол 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін келесі Олимпиадаға қатысуға ниеттеніп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз