«Ауру балаларды жүргіш ата-аналар туады» деген блогердің үстінен іс қозғалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
коллаж: kursiv.media

Әлеуметтік желіде блогер Гүлнәр Оразалинаның ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына бағытталған қорлайтын әрі әдепсіз сөздері түсірілген видео тарап кетті. Аталған жағдай анықталғаннан кейін, Астана қаласының полицейлері әкімшілік іс қозғады.

Полиция мәліметінше, видеоны жариялаған әйел ұсталып, бөлімшеге жеткізілген. Оған қатысты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша материалдар жинақталып, жақын күндері сотқа жіберілмек.

Ведомство өкілдері интернетте адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын контент тарату заңмен жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

«Мұндай құқықбұзушылықтар заң аясында қатаң тоқтатылады. Азаматтарды контент жариялау кезінде жауапкершілік танытуға, өзге адамдардың құқығы мен сезімін құрметтеуге, сондай-ақ қоғамдық мораль мен этика нормаларын сақтауға шақырамыз», – делінген хабарламада.

Бұған дейін блогердің даулы мәлімдемесі ерекше күтімді қажет ететін балалардың аналары арасында үлкен наразылық туғызған еді.

Сондай-ақ оқыңыз