Газ есептегіш құралдардың көрсеткіші ЖИ арқылы берілетін болады

Энергетика министрлігі есептегіш құралдар деректерін eGov мобильді қосымшасы арқылы жасанды интеллект көмегімен беру мүмкіндігін көздейтін бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, ашық талқылауға ұсынылған.
Бұл бастама электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы есептегіштердің деректерін беруде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізуді көздейді. Жоба авторларының айтуынша, жаңа жүйе көрсеткіштерді өңдеу процесін жеделдетіп, тұтынушылар мен газ таратушы ұйымдар арасындағы есеп айырысуды жеңілдетуге тиіс.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, жасанды интеллектті қолдану арқылы:
- газ таратушы ұйымдардың операциялық шығындарын азайтуға,
- көрсеткіштерді дәл, әрі уақытылы беруге,
- адами факторды барынша төмендетуге,
- есеп айырысуға байланысты сервистердің жұмысын оңтайландыруға болады.
Құжатты «Ашық НҚА» порталында талқылау 15 желтоқсанға дейін жалғасады.
Мұның алдында Қазақстанда қоқыс шығару қызметі қымбаттайтыны жайлы жазған едік.