Милиционер қыз зорлады деген күдікке ілініп, қамауға алынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ішкі тергеу барысында оқиғаға милиция қызметкері, 1988 жылғы азаматтың қатысы бар екені анықталған / фото: 24.kg
Ішкі тергеу барысында оқиғаға милиция қызметкері, 1988 жылғы азаматтың қатысы бар екені анықталған / фото: 24.kg

Бішкектің Ленин ауданында 20 жастағы әйел құқық қорғау органына жүгініп, өзін милиция қызметкерінің зорлағанын хабарлаған.

24.kg ақпаратына қарағанда,  жас қыз 28 қарашада өзін милиционер деп таныстырған ер адамның зорлық жасағанын айтып, шара қолдануды сұраған.

Жәбірленушінің айтуынша, шамамен 23:30-де ол Орок ауылы маңында таныс жігітімен бірге көлікте отырған. Сол кезде олар тұрған жерге бір ер адам келіп, өзін милиционер ретінде таныстырады. Ол қыздың жанындағы жігітті дүкенге жұмсап жібереді. Содан кейін қызды қорқытып, күш қолдану арқылы жыныстық сипаттағы әрекет жасаған.

ІІМ-нің мәліметінше, ішкі тергеу барысында оқиғаға милиция қызметкері, 1988 жылғы азаматтың қатысы бар екені анықталған. Ол ұсталып, тергеу қызметіне жеткізілді.

Қылмыстық іс материалдары мен күдікті Бішкек қаласы бойынша тергеу бөліміне берілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұның алдында Қордайда дамуында ерекшелігі бар 14 жастағы қыздың жүкті болып қалғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз