Ұлытаулықтардың орташа жалақысы 554 мың теңгеге жетті – облыс әкімі

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңір азаматтарының орташа айлық жалақысын атады.
Аймақ әкімінің мәліметіне сенсек, орташа айлық жалақы 554 277 теңгеге жетіп, республика бойынша төртінші орынға жайғасқан. Облыс басшысы өңірде жұмыссыздық деңгейі де төмендеді деп сендірді.
«Жыл басынан бері жаңа нысандарды құру және жұмыс істеп тұрған нысандарды кеңейту арқасында 2 200 жұмыс орыны құрылды. 8200 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,1%, бұл жалпы республикалық көрсеткіштен төмен. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының қортындысы бойынша орташа айлық жалақы 7,5%-ға өсті. Он айдың қортындысы бойынша. АӘК алушылар отбасы саны 3,1%-ға азайды», – деп мәлімдеді Рыспеков Астанада өткен брифинг барысында.
Мұның алдында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтардың орташа жалақысы 308 мың теңгеге жеткенін айтқан еді.