Фургал 25 жылға сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Іс материалдарына сәйкес, Фургал банк активтерін жымқыру және басқа да қылмыстар жасау мақсатында «қылмыстық қоғамдастық» құрған / фото: shutterstock
Іс материалдарына сәйкес, Фургал банк активтерін жымқыру және басқа да қылмыстар жасау мақсатында «қылмыстық қоғамдастық» құрған / фото: shutterstock

Ресейдің Хабаровск өлкесінің бұрынғы губернаторы Сергей Фургал 25 жылға сотталды. Мәскеудің Бабушкин соты осындай үкім шығарды.

Сот алқасы шешімі

Interfax ақпаратына қарағанда, оған «кісі өлтіру», қылмыстық қоғамдастық ұйымдастыру және МСП Банк активтерін ұрлау айыптары тағылған еді.

«Фургалға түпкілікті жаза ретінде қатаң режимдегі колонияда 23 жыл тағайындап, Мәскеу облысының Люберцы қалалық сотының үкімімен қоса есептегенде, жалпы 25 жыл белгіленсін», – деді сот алқасы.

Іс материалында не көрсетілген?

Іс материалдарына сәйкес, 2017-2018 жылдары Мәскеуде және Хабаровск өлкесінде Фургал аталған банктің активтерін жымқыру және басқа да қылмыстар жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық құрған. Тергеу нұсқасы бойынша, сол кезде Мемлекеттік Дума депутаты болған экс-губернатор «Торэкс» тобы кәсіпорындарының коммерциялық қызметіне заңсыз араласқан.

Тергеу уәжі

Тергеу мәліметінше, 2018-2020 жылдары қоғамдастық мүшелері банкке 2 млрд рубль зиян келтіріп, шетелдік «Глобал Меткорп Лимитед» компаниясынан $8,7 млн ұрлаған. Бұдан бөлек, олар «Торэкс-Хабаровск» мүлкін 1,2 млрд рубльден астам қаржы жымқыруға әрекеттенген. Алайда жоспарды соңына дейін жүзеге асыра алмаған.

2022 жылдың ақпанында Фургал қазылар алқасы үкімі негізінде кісі өлтіру істері бойынша қатаң режимдегі колонияға 22 жылға сотталған болатын.

Фургалды қолдаушылар

Фургалдың ұсталған кезде оның жақтастары мыңдаған адам қатысқан шеру өткізді. Өңірдің өзге қалаларында да наразылық акциялары ұйымдастырылды. Кейбір деректер бойынша, жиналғандар саны 30-35 мың адамға жеткен. Ал ІІМ ақпаратынша, акцияларға 10-2 мыңға жуық адам қатысқан. «Транссибинфо» дерегіне сүйенсек, Хабаровск пен Комсомольск-на-Амуредегі митингілерге жалпы шамамен 55 мың адам жиналған. Фургалды қолдаған акциялар 2020 жылдың қараша айының ортасына дейін 130 күннен астам уақыт бойы тоқтаусыз жалғасты.

Сондай-ақ Ресейде сауда үйінде оқ атқан 34 жастағы қазақстандық ұсталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз