Chanel ұстап, гауһар алқа таққан бірінші ханым 15 жылға сотталуы мүмкін

Оңтүстік Корея прокуратурасы елдің бұрынғы бірінші ханымы Ким Гон Хиді 15 жылға соттауды сұрады. Ол әуелі қымбат бренд заттары үшін сынға қалып, кейін жемқорлыққа қатысты күдікке іліккен.
Бір жылдан соң
Тура бір жыл бұрын – 2024 жылғы 3 желтоқсанда оның күйеуі Юн Сок Ёл Оңтүстік Кореяда әскери жүйе жариялап, осы әрекеті үшін биліктен кетуге мәжбүр болған. Экс-президенттің ісін әлі тергеліп жатыр.
Reuters мәліметінше, Сеул соты бұрынғы бірінші ханымға қатысты үкімді 2026 жылғы 28 қаңтарда шығарады.
Кимді қамауға алу туралы шешім биыл 12 тамызда қабылданған. Соның алдында ғана 52 жастағы әйел сот алдында кешірім сұраған ишарат танытып иілген.
Прокурорлар Кимді құнды қағаздармен алаяқтық жасады, пара алды, ықпалын заңсыз саудалады деп айыптап отыр.
Кимнің қымбат әшекейлері
Бұрынғы бірінші ханым бұған дейін де жанжалға тап болған. Мәселен, Ким 2022 жылы НАТО саммитіне 43 мың доллар тұратын Van Cleef алқасын тағып барған. Сол кезде-ақ сыншылар қымбат зат қаржы декларациясында көрсетілмегенін байқаған. Енді Кимді құны 20 млн вон тұратын екі Chanel сөмкесін, гауһар алқаны пара ретінде алды деп айыптап жатыр.
2022-2025 жылдар аралығында үш жыл бірінші ханым болған Ким Гон Хи тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарды.