«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков маусымның үздік ойыншысы атанды
Жарияланды

Алматылық «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков маусымның үздік ойыншысы деп танылды.
Жас голкипер биылғы маусымда ерекше ойын мәнерімен көзге түсіп, ұлттық біріншілікте де, халықаралық аренада да жанкүйерлер мен мамандардың жоғары бағасын алды.
Темірлан Қазақстан чемпионатында ғана емес, УЕФА-ның назарына түсіп, Еуропада өткен бірнеше ойындарда матчтың үздігі атанған.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Валерий Громыко Беларусьтің жыл ойыншысы атанған еді.