Доллар 500 теңгеден төмен түсті

Жарияланды 4 Желтоқсан 2025 14:45

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар мен теңге
Фото: shutterstock

Доллар көктемнен бері алғаш рет 500 теңгеден төмен түсті. Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 14:30-дағы мәлімет бойынша 1 АҚШ доллары 599,90 теңге тұрады.

Соңғы рет KASE-де 500-ден төмен бағам 2025 жылғы 18 наурызда тіркелген. Сол кезде доллар 497 теңге болған. Ал биыл қыркүйекте Құрама Штаттар валютасының бағамы 550 теңгеге жеткені мәлім.

Содан бері екі айдың ішінде ұлттық валюта бірден шамамен 50 теңгеге нығайып шыға келді. Бұған дейін Kursiv.Media Ұлттық банк төл теңгені нығайту үшін миллиардтаған қаражатпен валюта саудасына араласып жатқанын жазған. Сағат 14:30-дағы мәлімет бойынша, KASE-де 318 млн долларға валюта саудасы жасалды.

Ұлттық валюта, әсіресе, осы аптада әжептәуір күшейді. Айналдырған үш күн ішінде доллар шамамен 10 теңгеге құнсызданды.

Елдегі валюта айырбастау мекемелерінде де доллар арзандап жатыр. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласында 1 доллар 497 теңгеден қабылданып, 503 теңгеден сатылып жатыр. Астанада, әдеттегідей, бағам сәл жоғарырақ – 500 және 507 теңге.

Сондай-ақ оқыңыз