Тұрсын Алагөзов газдалған сусын шығаратын жаңа зауыт ашады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Тұрсын Алагөзов Forbes Talks
Тұрсын Алагөзов Forbes Talks

Galanz bottlers компаниясының иесі Тұрсынғали Алагөзов Baiuly Capital Holding атты жеке холдинг құрмақшы. Бұл туралы ол Forbes Talks подкастында айтты.

Алагөзовтің сөзінше, бизнесі кеңейіп, бұрынғы форматта басқару мүмкін емес болған.

«Тек алкогольсіз сусындар өндіретін кезде мен барлығын басқара алатын едім. Енді қызметкерлер саны өсті, үш бағытта 5 мыңнан аса адам бар. Мен бұрынғыдай басқара алмаймын», – деді ол.

Кәсіпкер жаңа холдингті Baiuly Capital Holding деп атаған. Байұлы – кәсіпкердің руы. Холдингтің құрылымы классикалық болады: бақылау кеңесі және басқару вертикалі. Бизнесмен компания ішінен жаңа кадрлар дайындап шығаруға ниетті.

Сондай-ақ Өзбекстан, БАӘ, Оман және Сауд Арабиясы тәрізді жаңа бағытта экспорт бастауды жоспарлап отыр. Ал Алматы облысында аумағы 55 мың шаршы метр болатын жаңа зауыт салмақ. Шымкенттегі сыра зауытында жаңа желі қосуға дайындалып жатыр. Соның арқасында жылына 250 мың банка мен шыны бөтелкелер өндірмекші.

Жақында Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футбол клубына екі жаңа шағын автобус сыйлаған. Ал кәсіпкер басқаратын компаниядағы топ-менеджерлері  2024 жылы 62,7 млн теңге табыс тапты.

Сондай-ақ оқыңыз