«Қайрат» – «Андерлехт» матчын қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: instagram

5 желтоқсан, жұма күні Алматыда футзал жанкүйерлері маңызды ойынға куә болады. УЕФА Футзал Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Қайрат» өз алаңында Бельгияның «Андерлехт» клубын қабылдайды.

Матчтың тікелей трансляциясы сағат 20:00-де Qazsport телеарнасында көрсетіледі.

Алғашқы кездесуде алматылықтар Брюссельде 7-3 есебімен сенімді жеңіске жеткен еді. Сол ойында «Қайрат» сапынан Атирсон Оливейра мен Лукас Отанья дубль жасаса, Кайо Руис, Даурен Түрсағұлов және Біржан Оразов бір-бірден гол соқты.

Егер «Қайрат» бүгінгі матчта да жеңіске жетсе немесе жалпы есепте басым түсе алса, команда ширек финалға жолдама алады. Келесі кезеңде алматылықтар Испанияның «Картахена» немесе Мальтаның «Сент-Эндрюс» клубымен кездеседі. Айта кетейік, бірінші ойында «Картахена» қарсыласын 9:1 есебімен ойсырата жеңген.

Сондай-ақ оқыңыз