Жетісу облысында компьютер клубын өртеген адам 8 жылға сотталды

Жетісу облысында ойын-сауық орталығының ғимаратын өртеп жіберген ер адамға үкім шықты. Сот 25 жастағы азаматты кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Кешкі уақытқа қарай Жаркенттегі компьютерлік клубтардың бірінде айыпталушы клуб операторы екеуі спирттік ішімдік ішкен. Мас күйдегі сөзге келіспеушілік салдарынан айыпталушы орталықтың мүлкін әдейі бүлдіре бастаған, – деп хабарлады полиция.
Алдымен ол техниканы сындырып, жиһаздарды лақтырып, кейін кешенге от қойып, оқиға орнын тастап кеткен. Материалдық шығын 81 миллион теңгеден асқан.
Сот ер адамды сегіз жылға бас бостандығынан айырып, келтірілген шығынды өтеуге міндеттеді.
Осыған дейін Жамбыл облысында өгей балаларын құлдықта ұстаған азамат сотталғанын жаздық. Іс материалдарына сәйкес, ер адам 2019-2025 жылдар аралығында өгей балаларын азаптаған. Оны «Азаптау» бабы бойынша кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.