Тоқаев қайырымды кәсіпкер үшін «Мейірім» орденін тағайындады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылыққа көп ақша жұмсайтын кәсіпкерлер үшін «Мейірім» орденін тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

5 желтоқсанда мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.

«Қайырымдылық істерге мол үлес қосқаны үшін еліміздің үздік кәсіпкерлеріне берілетін арнайы марапат – «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым», – деді президент.

Жаңа марапат 2026 жылы бірнеше кәсіпкерге беріледі. Тоқаевтың пікірінше, осы орден «барша бизнес өкілдеріне деген айрықша құрметтің белгісі болмақ».

Сондай-ақ оқыңыз