70 жастағы қария ұлының ұрып-соққанын айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ұлы құмар ойынға әуес екен / фото: kaktus.media
Ұлы құмар ойынға әуес екен / фото: kaktus.media

Бішкектің 70 жастағы тұрғыны Маданза Малоэр ұлының ұрып-соққанын айтып шағымданды. Сөзіне қарағанда, милиция қол қусырып қарап отыр.

Kaktus.media хабарлауынша, 2019 жылы ол Лебединовка ауылынан үй сатып алған. Сондай-ақ дәл сол жерде автокөлік техникалық қызмет көрсету станциясын салған.

Әкесіне уәде берген

Үйді сатып алу кезінде оның төлқұжаты болмағандықтан, ол құжаттарды өзінің ұлы – 1986 жылы туған И. М.-нің атына рәсімдеген. Ұлы қартайған шағында әкесіне қолдау көрсетемін деп уәде берген.

«Мен ТБС салдым. Ұлыма сендім. Адал жұмыс істеп, табыс тап деп айттым. Бірақ, өкінішке қарай, ұлым – құмар ойынға әуес. Оның қарыздарын жиі төлеуге тура келді. Әртүрлі жерде жұмыс істеді. Бірақ еш жерде ұзақ тұрақтамады. Сосын Ресейге кетіп, бір жарым жылдан кейін мүлдем өзгеріп қайтты. Оралған соң бірден мені үйден кет деп талап ете бастады. Қорқытты. Милиция да көмектесе алмайды. Өйткені оның таныстары көп деп айтатын. Оның жоқ кезінде де маған адамдар келіп, ақша талап ететін», – деді ер адам.

«Ұлым үстімде отыр»

Ол 20 қазанда ұлы бір әйелмен бірге ТБС қайта келгенін айтты. Әйел өзін адвокатпын деп таныстырып, Маданза Малоэрден дереу үйді босатуды талап еткен.

«Бұл жолы ұлым өте агрессивті болды. Кенеттен мені ұстап алып, жерге лақтырып жіберді. Басымнан соқты. Есімді жоғалттым. Есімді жисам, орындығымда жатырмын. Ал ұлым үстімде отыр. Ештеңе түсінбедім. Әрең дегенде құтылып шықтым. Сол кезде үлкен ұлым мен қыздарым келіп, оны тоқтатты. Одан кейін мені ауруханаға жеткізді», — деп түсіндірді Малоэр.

«Үйді сатпақшы»

Оның айтуынша, миы шайқалып, басқа да жарақаттар алған. Ауруханаға милиция келіп, арызын қабылдаған. Бірақ содан бері іс орнынан тапжылмаған.

«Мен ауруханада он күн жаттым. Қазір үйіме оралдым. Ал ұлым, білсем, Ресейге кетіп қалған. Ол кез келген сәтте оралып, маған зиян келтіреді немесе мені үйден қуып шығуы мүмкін деп қорқамын. Үйді сатпақшы болып, тағы да біреуге қарыз болуы мүмкін. Мен одан қорқамын. Өтінемін, оған қатысты заңды шара қолдануды сұраймын», – деді Маданза Малоэр.

Бішкектің Свердлов аудандық ІІБ-сі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

Айта кететін жайт, Алматыдағы колледж дәретханасында таяқ жеген бойжеткен ауруханаға түскен еді.

Сондай-ақ оқыңыз