Алматы облысында мұғалім оқушының шашынан тартып, иығынан жұдырықпен ұрған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оқиға бүкіл сыныптың көз алдында болған / фото: shutterstock
Оқиға бүкіл сыныптың көз алдында болған / фото: shutterstock

Алматы облысының Қолашы ауылында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушының шашынан ұстап, иығына жұдырықпен соққы жасаған.

Бұл жайт видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желілерде тарады.

Құлағынан тартқан

Tengrinews.kz ақпаратына қарағанда, облыстық білім басқармасы бұл жағдай бойынша тергеу басталғанын хабарлаған.

Желіде жарияланған видеода костюм киген ер адам оқушының үстінен қарап тұр. Ол бірдеңе айтып жатып, баланың шашынан тартады. Сосын иығына жұдырықпен ұрады. Артынша құлағынан тартады. Оқиға сыныптың көз алдында болып жатқанымен, балалар ешқандай реакция білдірмейді.

Білім басқармасының жауабы

Аймақтық білім басқармасы бұл оқиғаға қатысты жедел әрекет етті. Ведомство мәліметінше, басқарма, аудандық білім бөлімі және мектеп өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылып, қызметтік тексеріс басталған.

«Тексеру барысында дене шынықтыру мұғалімі оқушыға соққы жасағанын мойындап, жазбаша түсініктеме берді. Өз өтініші бойынша ол қызметінен босатылды. Оқушының денсаулығына зиян келмегені анықталды», – деп хабарлады басқарма.

Қазір материалдар құқық қорғау органдарына беріліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мұның алдында мұғалімнің жетінші сыныптың оқушыcымен төбелескені мәлім болды.

Сондай-ақ оқыңыз