Қазақстан армиясына заманға сай психодиагностикалық әдістемелер енгізіледі

Қазақстан армиясына әскердегі кез келген азаматтың әлеумет-мәдени жағдайына терең талдау жасайтын, заманға сай психодиагностикалық әдістемелер енгізілгелі жатыр.
Бұл жаңашылдық премьер-министр Олжас Бектеновтің депутаттарға берген жауабында жазылған. Сенаторлар әскери психологтарды даярлау, аттестациялау және сертификаттау стандартын бекіту жөніндегі қосалқы актіні қабылдауды Бектеновке ұсынған еді. Үкімет басшысы бұл жұмыс білім беру стандартының талаптарына сәйкес белгіленген тәртіппен жүргізілетінін атап өтеді. Әйтсе де жаңашылдықтар барын атап өтеді.
«Елдің әлеуметтік-мәдени жағдайына бейімделген заманауи психодиагностикалық әдістемелер енгізіліп жатыр. Ол әдістемеге депрессиялық күйді анықтау әдістемесі PHQ-9, генерализденген мазасыздық бұзылысының GAD-7 әдістемесі, субъективті әл-ауқат деңгейінің шкаласы енеді», – делінген жауапта.
Сонымен бірге, жеке қосалқы актіні қабылдау мәселесі жоғарыда аталған жұмыс тобының қызметі аясында қосымша зерделенеді.
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев бұған дейін Әскерде сарбаз өлімін тоқтату үшін Қорғаныс министрлігі telegram-бот іске қосқанын хабарлаған еді. Жазықбаев әскерге барғандардың ол жердегі шектеулерден психологиялық күйзеліске ұшырауы мүмкін екенін айтады.