Жер сілкінісі кезінде не істеу керек: ТЖМ 10 қадамды атады
Жарияланды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық зерттеулер институты жер сілкінісі кезінде қауіпсіздікті сақтау үшін орындалуы тиіс 10 қарапайым қадамды жариялады.
Мамандардың айтуынша, бірінші кезекте үрейге бой алдырмау қажет. Лифт пен баспалдақты пайдалануға болмайды. Терезеден, ауыр жиһаздардан аулақ тұрып, жоғарғы қабаттарда іргелі қабырғалардың жанында паналау керек.
Төменгі қабаттардағыларға мүмкін болса, ғимараттан тез шығу ұсынылады. Ал көпқабатты үйлердің тұрғындарына жер дүмпу тоқтаған соң сыртқа шығу қажет.
Институт ұсынған қадамдар:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;
- Төменгі қабаттарда – ғимараттан шығыңыз, жоғарыда – дүмпу тоқтаған соң эвакуациялаңыз;
- Мүмкін болса, газды, суды, электр қуатын өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
ТЖМ сейсмикалық қауіп жоғары өңір тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтауға шақырды.