Ақтаудан Қытайға тікелей рейс ашылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тікелей рейстерді іске қосу 2026 жылдың көктеміне жоспарланған / aktau-airport.kz
Тікелей рейстерді іске қосу 2026 жылдың көктеміне жоспарланған / aktau-airport.kz

Өңір билігі Ақтаудан Үрімжіге тікелей әуе рейсін іске қосу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы шенеуніктермен бейресми әңгіме барысында белгілі болды.

Lada.kz. хабарлауынша, бұл туралы әкімдік өкілдері мәлімдеген. Жаңа халықаралық бағытты енгізу жөніндегі келіссөздер жүргізілген. Рейсті осы жылы ашу жоспарланып отыр.

Алайда әуе кемелерінің техникалық жетіспеушілігіне байланысты жобаны жүзеге асыру кейінге қалдырылған.

Маршрутты талқылау жалғасып жатыр. Ал тікелей рейстерді іске қосу алдын ала 2026 жылдың көктеміне жоспарланған.

Еске сала кетейік, өңір тұрғындары бірнеше жыл бойы күткен Ақтаудан Дубайға алғашқы тікелей рейсті FlyArystan лоукостері сәтті орындады.

Айта кететін жайт, Ақтау әуежайы шілденің соңына дейін күндіз ұшақ қабылдамаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз