Ақтөбе мен Қызылорда облысында жүк көліктерінің жүруіне шектеу енгізілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Екі облыста республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды / фото: ҚазАвтоЖол, бильд-редактор: Милош Муратовский
Екі облыста республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды / фото: ҚазАвтоЖол, бильд-редактор: Милош Муратовский

ҚазАвтоЖол Ақтөбе мен Қызылорда облысында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылғаны туралы шұғыл ақпарат таратты.

«07.12.2025 ж. сағат 11:30-да ауа райының нашарлауына (минус температурада жаңбыр) байланысты республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.

 Атап айтқанда, Ақтөбе облысында  РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 965-1240 (шақырым) учаскесінде шектеу енгізіліп отыр. Ол Қарабұтақ ауылы мен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі аймақты қамтиды.

Қызылорда облысында аталған автожолдың 1240-1362 (шақырым)  учаскесінде осындай тыйым бар. Шектеу Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі аймақты қамтиды.

Мұның алдында қалың тұманға байланысты Алматы-Қонаев тас жолы жабылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз