Анталья мен Кипрде жер сілкінді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Түркия Анталья
фото: shutterstock

Түркияның Анталья провинциясына қарасты Серік ауданында жер сілкінді. Дүмпу магнитудасы – 4,9 балл.

Түркия төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 15:21-де тіркелді. Сілкініс ошағы 28 км тереңдікте орналасқан.

Министрлік дүмпу зардаптары туралы әзірге ешқандай мәлімет таратпады.

Түркия Анталья жер сілкінісі
карта: EMSC

Мәліметтерге қарағанда, дүмпуді Түркияның оңтүстік-батысы мен Кипрдің бөлігіндегі тұрғындар сезген.

Естеріңізге сала кетейік, 4 желтоқсанда түсте Алматыдан 277 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінді. Дүмпу Қазақстан мен Қырғызстан аумағында да сезілді.

Сондай-ақ оқыңыз