БҚО әкімдігі жаңа жылға қаланы безендіруге бар болғаны 11 млн теңге жұмсайды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: shutterstock

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев биылғы жаңа жыл мерекесіне қарсы қаланы безендіруге қанша қаржы жұмсалатынын айтты.

Аймақ басшысының сөзіне сенсек, қала көшелерін сәндеуге және өзге де іс-шараларға кететін қаржы көп емес. Әкім екі жылдан бері жаңа шырша сатып алуға тыйым салғанын да айтады.

«Мен 2023 жылдан бастап, шырша сатып алуды тоқтатып қойдым. Бізде, кезінде маған дейін сатып алынған шырша. Сол шыршаны әлі пайдаланып келе жатырмыз. Жыл сайын пайдаланамыз, оны қайтадан жинап аламыз. Жалпы жаңа жылдық мерекеге қатысты әрине қаржы шығарылады», – деді облыс әкімі Астанада өткен брифинг барысында.

Нариман Төреғалиев биыл әкімдік жаңа жылдық безендіруге бюджеттен 11 млн теңге көлемінде қаржы жұмсайтынын айтты.

Мұның алдында Нариман Төреғалиев өңірде ет бағасының қымбаттығы туралы әлеуметтік желідегі ақпараттарды жоққа шығарды. Оның айтуынша, Батыс Қазақстан сиыр еті ел бойынша ең арзан өңірлердің бірі саналады.

Сондай-ақ оқыңыз