Грант бөлінді: АЭС салғысы келетін үкімет жас мамандарды шетелде оқытады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
атом маманы АЭС атомщик физик
фото: shutterstock

Қазақстанда бірнеше Атом электр станциясын салуды көздеген үкімет сала мамандарын шетелде оқытады. Бұл туралы Kursiv.Media атом энергиясы агенттігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Бірнеше мекеме кәсіби мамандар резервін қалыптастыруды көздейтін грант бөлу туралы келісімге отырды. Мәселен, 2026 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 20 грант осы салаға бөлінеді. Алдағы уақытта жыл сайын осынша орын беру жоспарда бар.

Бағдарлама шетелде тәжірибе алмасу, жетекші оқу орындарында магистрлік және докторлық білім беру алуды қамтиды.

Жоба атом саласында істейтін қабілетті инженер мен ғалымдардың жаңа буынын дайындауға бағытталған.

Қазақстандағы алғашқы АЭС Үлкен ауылы маңында салынады. Ол «Балқаш» деп аталатын болды. Станция құрылысы 10-12 жылға созылуы мүмкін. Жақында екінші АЭС-те Жамбыл ауданында орналасуы мүмкін екені мәлім болды.

Бұл уақытта алғашқы атом станциясы құрылысын бастап кеткен Өзбекстан инженерлер тұратын қала салуды жоспарлап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз