Жапонияның солтүстік-шығысында 7,6 баллдық жер сілкінісі болды

Жапонияның солтүстік-шығысында 7,6 баллдық қатты жер сілкінісі болды, дүмпулер тіпті Токионың орталығында да сезілді, деп хабарлады Жапония метеорологиялық орталығы.
Метеорологиялық орталықтың ақпаратына сүйенсек, Хоккайдо, Аомори және Ивате префектураларында 3 метрге дейінгі цунами жүруі мүмкін деген ескерту жасалған.
Эпицентрі Аомори жағалауында шамамен 50 км тереңдікте орналасқан. Аймақта екі өрт тіркелді. Токио мен Син-Аомори арасындағы жоғары жылдамдықты метро уақытша тоқтатылды.
Үкімет зардап шеккендер туралы деректерді тексеріп жатыр. «Томари» атом электр станциясында ауытқулар анықталған жоқ.
Бұған дейін Жапонияда 3 метрге дейін толқынды цунами қаупі туралы ескерту шілде айының соңында жарияланған. Цунами қаупі Ресейдің Камчатка жағалауындағы 7,9 баллдық жер сілкінісінен кейін пайда болды.