Үкімет судың «қара нарығын» жоюға күш салады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
2100 жылға қарай адамдар таулы аймақтардан жазықтарға көше бастайды / фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев бүгінгі отырыста су тапшылығы мәселелерін реттеу үшін министрліктерге нақты қандай тапсырма берілгенін айтты.

Бозымбаевтың сөзінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары және ирригация министрлігімен, облыс әкімдіктерімен бірге жұмыс тобын құрып екі апта мерзімде су пайдалану лимиттерін айқындау және болжамды су келу көлемін ескере отырып алдағы вегетациялық кезеңге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарын бекіту қажет.

Сонымен қатар, Орталық Азияда ауа-райы өзгерген жағдайда Су ресурстары және ирригация министрлігі 2026 жылдың 1 ақпанына дейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне барлық облыстар бойынша су келуінің ең пессимистік сценарийін ескере отырып, су тұтынудың нақтыланған лимиттерін, ұсынуы тиіс.

«Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылдың ​1 наурызынп дейін ылғалсүйгіш дақылдардың егістік құрылымын бекітілген су лимиттеріне сәйкес түзетуі қажет. Облыс әкімдіктері вегетация басталғанға дейін аграршылар арасында ылғалсүйгіш дақылдарды қысқарту және суды аз қажет ететін дақылдарға көшу қажеттігі туралы мақсатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек», – дейді ол.

Вице-премьер өңірлерде инновациялық ылғал сақтайтын препараттарды сынау үшін кемінде 100 гектардан жер бөліп, оны жергілікті бюджеттен қаржыландыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ «Қазсушар» суару туралы келісімшарттарды ылғалсүйгіш дақылдар бойынша тек бекітілген лимит шегінде ғана жасайды.

Бұдан бөлек, Су ресурстары және ирригация министрлігіне 2026 жылы 1 ақпанға дейін құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 2026 жылы судың «қара нарығын» жою жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын Үкімет Аппаратына енгізеді.

Сондай-ақ оқыңыз