Фейерверк нарығы: Қазақстан он айда 413 мың тонна отшашу құралдарын импорттаған

Жарияланды
Фейерверк нарығы: Қазақстан он айда 413 мың тонна отшашу құралдарын импорттаған
Фото: shutterstock

Қазіргі уақытта үлкен мерекені салюттар мен фейерверктерсіз елестету қиын. Фейерверк – жаңа жыл, мандариндер, шырша мен «Оливье» салаты сияқты мерекелік атрибуттардың бірі, ол мерекенің ғажайып атмосферасын құрады.

Бүгінде әркім жаңа жылда, туған күнде немесе басқа да маңызды мерекелерде жарқын, түрлі-түсті фейерверкпен өзін және жақындарын қуантуда. 

Kursiv.Media біздің елге импортталатын тұрмыстық пиротехника бойынша қызықты статистикамен бөліспек.

«Ковид-19» жылдары отшашу айтарлықтай азайған

Sarapshy мәліметінше Қазақстан фейерверк импортын әсіресе жаңа жылға 2 ай қалғанда, яғни қараша мен желтоқсан айларында жаппай сатып алады. Еліміз 2019 жылы 2 млн доллардан астам отшашу құралдарын сатып алса, 2020-2022 посковидтік жылдардан кейін күрт төмендеген. Алайда 2023 жылдан бастап қайта қалпына келе бастады. Соңғы 5 жылда басты импорттаушы үш ел: Қытай, Ресей және Қырғызстан болған, бірақ 2024 жылдан бастап көрші елден импортты толық тоқтаттық. 

Биыл 413 тонна фейерверк импорттадық

Статистика бюросының мәліметінше 2025 жылдың қаңтарынан қараша айына дейін елімізге Фейервертер (қақпақтар, петарды, фонтан, батарея салюттары, бенгалдық оттар, түсті түтін, жер үсті отшашулар және басқа тұрмыстық пиротехника) 413 тонна импортталды. Бұл тауардың құны 1,3 млн АҚШ долларын құрайды, ал негізгі импорттаушы ел – Қытай. Алайда биыл бұл көрсеткіш 2 млн доллардан асуы мүмкін, себебі жоғарыда айтып кеткеніміздей халық қараша мен желтоқсан айларында отшашу құралдарын жаппай сатып алады. 

Сондай-ақ оқыңыз