Армияда қазір «дедовщина» жоқ – министрдің орынбасары

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Армия Казахстана готова защищаться, но в Минобороны не сказали от кого
Фото: kursiv.media мұрағаты

Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров Қазақстан армиясында қазір «дедовщина» жоқ деп мәлімдеді

Мәжілісте журналистер Әубәкіровтен Қазақстан армиясындағы қарым-қатынас жөнінде сұрақ қойды. Министрдің орынбасары бұған дейін әлеуметтік желілерде әскери киім киген бір адам сапта тұрған азаматтарды сабап, былапыт сөз айтқан видео – кино екенін мәлімдеді.

«Бұл фильм болатын. «Баткен» деп аталады. Видеода қазақ тіліндегі аудионы қосып, таратып жіберген. Қазір армияда «дедовщина» жоқ. Мен оны ашық мәлімдей аламын», – дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысын бекітті. Осыған орай, 2026 жылы 2 жыл мерзімге 859 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі әскери кафедраларға жаппай ревизия жүргізгелі жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз