Енді Egov-қа Face ID-мен кіру керек болады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Енді Egov-қа кіру үшін SMS-тегі кодты теру жеткіліксіз, Face ID де қажет болады. Жасанды интеллект министрлігі Бас прокуратураның үйлестіруімен алаяқтардың әрекетінен қорғану үшін осындай жаңа шаралар енгізді.

Бұған дейін мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен сервиске кіру үшін бір реттік код теру жеткілікті еді. Бірақ алаяқтар оны да айналып өтудің жолын тапты. Сондықтан министрлік қорғаныс талаптарын одан әрі күшейтуді талап етіп отыр.

«Енді 1414 SMS-шлюзін пайдаланатын ақпараттық жүйелерге кіру қосымша қорғалады және тек биометриялық аутентификация (FaceID), электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе арнайы QR-код (eGov QR) арқылы ғана мүмкін болады», – деп мәлімдейді ведоство.

Бұл дегеніміз Egov тәрізді ақпараттық сервиске кіретін кезде Face ID талап етеді.

Осы жылдың желтоқсанынан бастап министрлік міндеттеген талапты орындамаған ақпараттық жүйелер 1414 SMS-шлюзін пайдалану қызметінен ажыратылады деп ескереті ведомство.

Face ID – кейбір құрылғыларында қолданылатын бет әлпетін тану жүйесі, салыстырмалы түрде қауіпсіз технология деп саналады. Бұған дейін қазақстандықтарды вакциналау кезінде Face ID технологиясын енгізген еді. Ол екпе салынды немесе салынбады деген түрлі жалған хабарламалардың алдын алу үшін жасалып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз