Депозитке сұраныс азайып барады: қазақстандықтар қаржысын қайда сақтайды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстандық ақшасын қайда сақтайды /Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ұлттық банктің қараша айындағы сауалнамасы қазақстандықтардың жинағын сақтаудағы басымдықтары өзгергенін көрсетті. Соңғы айда депозиттерге қызығушылық төмендеп, қолма-қол ақшаға сұраныс өсті.

Бұрын халықтың басым бөлігі жинағын банк депозитінде сақтауды қауіпсіз әрі тиімді деп есептейтін. Алайда өткен айда бұл көрсеткіш төмендей бастаған.

Сауалнама «Жинағыңызды қайда сақтайсыз?» деген қарапайым сұраққа негізделген. Нәтижесінде депозитке деген қызығушылықтың әлсірегені байқалды: бұрын 69,8% адам депозитті таңдаса, қарашада бұл үлес 65%-ға түскен. Яғни әрбір үшінші адам банктегі салымды алғашқы нұсқа ретінде көрмейді.

Сонымен бірге, қазақстандықтар ақшасын жылжымайтын мүлікке инвестициялауға көбірек көңіл бөле бастаған. Бұл бағыт бойынша көрсеткіш 20%-дан 24,5%-ға дейін өсті. Сарапшылардың айтуынша, халықтың бір бөлігі үшін пәтер немесе жер – инфляция мен валюталық құбылмалылықтан қорғайтын нақты актив.

Қолма-қол ақшаны сақтауға деген сұраныс та өсіп отыр. Мұндай тәсілді таңдағандардың үлесі 34,1%-дан 35,2%-ға дейін көбейген. Бұл тренд халықтың бір бөлігі банктік тәуекелдерден немесе белгісіздіктен қорқатынын көрсетеді. Сонымен қатар қолма-қол ақша – тез қолжетімді қаражат.

Сауалнамада тағы бір маңызды қорытынды жасалды: қазақстандықтардың долларды ұстауға деген қызығушылығы артып келеді. Ал ұлттық валюта – теңгеге деген сұраныс керісінше аздап төмендеген. Бұл шетелдік валютаны қауіпсіз құрал ретінде қабылдаудың әлі де жоғары екенін аңғартады.

Қазақстан банктеріндегі депозиттер 45,7 трлн теңгеге жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз